24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
📌Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/tv24kz_rus 📮24KZ арнасының телеграм ботына жаңалықтарыңызды жіберіңіздер: https://t.me/news24kz_bot
- 24 hours
- –
- 7 days
- –
- 30 days
- –
- Reactions
- 1
- Reposts
- –
- Comments
- –
Subscriber growth
We started tracking this channel recently; the chart fills in day by day.
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР has 27,875 subscribers.
Views as a post ages
Average views at each age, posts of the last 30 days.
- 6 h
- 313
- 12 h
- 389
When it posts
Times in UTC. 20 posts in 90 days.
Recent posts
-
⚡Джиу-джитсудан әлем біріншілігінде қазақстандық жас спортшылар 4 медаль жеңіп алды 📍Абу Дабиде өтіп жатқан джиу-джитсудан әлем чемпионатында ел қоржыны бірнеше медальмен толықты. Аралас жекпе-жек шебері Дамир Аманбаев жаттықтыратын спорттық команда бір алтын, бір күміс және екі қола жүлде еншіледі. 🤼 Байрақты бәсекеде ересектер ғана емес, балалар мен жасөспірімдер де бақ сынады. Нәтижесінде Қасымхан Ақжол мен Бекболат Іргетай алтыннан алқа тағынды. Бірі – 12, енді бірі 13 жастағы қатарластары арасында сынға түсіп, әлем чемпионы атанды. 🇰🇿Бапкерлердің айтуынша, жас спортшылар жарысқа бір жыл бойы дайындалған. Болашағынан көп үміт күттіреді.
8 views Photo -
⚡Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын тең ойынмен аяқтады 🇰🇿 Астанада өткен UEFA Ұлттар лигасының 6-тур матчында Қазақстан мен Словакия құрамалары 2:2 есебімен тең түсті. ⚽ Біздің құрама сапынан Ислам Чесноков (29-мин) пен Ян Вороговский (67-мин) мергендік танытты — екі голға да Ғалымжан Кенжебек нәтижелі пас берді. Алайда қонақтар 97-минутта есепті теңестіріп кетті. ❗Осылайша Қазақстан құрамасы 3 ұпаймен топта соңғы орынды иеленді. Плей-оффқа Словакия (12 ұпай) мен Фарер аралдары (8 ұпай) шықты.
-
⚡Қазақстан Каспийді сақтау үшін ғылыми күш-жігерді біріктіруге шақырды 🇹🇷 Түркияның Анталья қаласында өткен COP31 конференциясында Қазақстан Каспий маңы елдеріне бірлескен экологиялық мониторинг жүргізіп, ғылыми деректер алмасуды ұсынды. Соңғы 25 жылда теңіздің қазақстандық бөлігі 16 мың шаршы шақырымнан астам аумаққа тартылған. «Болып жатқан өзгерістердің ауқымы нақты ғылыми деректер мен кешенді зерттеулерге негізделген бірлескен шешімдерді талап етеді. Осы тұрғыда бірлескен мониторингті дамыту, ғылыми ақпарат алмасу және Каспий маңы бес мемлекетінің ғылыми-зерттеу мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайту ерекше маңызға ие», — деді Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр...
168 views -
❗Астанада жол тазалап жүрген жұмысшыларға шалшық су шашып кеткен жүргізуші 10 тәулікке қамалды Бұған дейін желіде Lexus автокөлігінің жүргізушісі жол жиегін тазалап жүрген коммуналдық қызметкерлерге шалшық суды шашып өткен сәті түсірілген бейнежазба тараған болатын. 🚦Полицияның мәліметінше, жүргізуші бағдаршам белгісіне және жол бойында адамдардың тұрғанына қарамастан жылдамдықты бәсеңдетпеген. 👨✈ Тәртіп сақшылары көлік тізгінінде 32 жастағы Астана қаласының тұрғынын анықтады. Сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
-
Video message
View in Telegram
302 views 2 Reactions
-
Президент Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаевқа отын-энергетика кешенін дамытудың биылғы он айдағы негізгі нәтижелері, жылыту маусымы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы есеп берілді: • Жылыту маусымы: қалыпты өтуде, «қызыл аймақтағы» станциялар 5-ке дейін қысқарды. • Энергия: өндіріс 2,3%-ға (102,4 млрд кВт/сағ) артты. • Мұнай-газ: мұнай өңдеу 4,7%-ға өсті, ЖЖМ қоры 1,2 млн тоннаға жетті. Жыл соңына дейін халықтың 64,5%-ы газбен қамтылады. Мемлекет басшысы жанар-жағармай, көмір нарығын бақылауда ұстап, жобаларды сапалы іске асыруды тапсырды.
-
❗Атырауда жол апатынан екі адам көз жұмды Қайғылы оқиға 16 қараша күні түнгі сағат 03:30 шамасында Исатай Тайманов пен Ғаббас Берғалиев көшелерінің қиылысында болған. 🚔 Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Қазір полицейлер тиісті құжаттарды жинақтап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырады.
-
Video message
View in Telegram
266 views 2 Reactions
-
⚡Қазақстанда 7 жылда 3,6 млн жаңа жұмыс орны ашылды Қазақстанда соңғы жеті жылда шамамен 3,6 миллион жаңа жұмыс орны құрылды. Оның 2,5 миллионы – тұрақты жұмыс орындары. ❗Көшбасшы салалар: ▪Әлеуметтік сала сауда; ▪Қызмет көрсету; ▪Ауыл шаруашылығы; ▪Құрылыс; ▪Ақпараттық технологиялар. 2019 жылмен салыстырғанда білім беру саласындағы жұмыс орындарының саны 120 мыңға, ал денсаулық сақтау саласында 100 мыңға артқан. Бұл өсім негізінен орта және ірі кәсіпорындардың есебінен қамтамасыз етілген.Сонымен қатар сауда және қызмет көрсету салаларында да жұмыспен қамту көрсеткіші жоғарылаған. Оның ішінде сауда, қоғамдық тамақтану, жылжымайтын мүлік, қонақүй бизнесі сияқты бағыттарда жаңа жұмыс оры...
-
📌Құрылысшыларға арнайы баспана бағдарламасын енгізу ұсынылды Қазақстанда құрылыс саласындағы кадр тапшылығын азайту үшін жұмысшыларға арнайы баспана бағдарламасын енгізу қажет. Кәсіпкер, Қазақстан құрылысшылар одағы Астана қаласы филиалының директоры Қайыр Рысбек осындай ұсыныс айтты. Оның пікірінше, өз еңбегімен үй салып жүрген құрылысшылардың өз баспанасына қол жеткізуіне мүмкіндік беру жастардың салаға қызығушылығын арттырып, мамандардың жұмысқа деген ынтасын күшейтеді. Оның айтуынша, құрылыс саласында кадр тапшылығы бұрыннан бар. Ал саланың қарқынды дамуы білікті жұмысшыларға деген сұранысты одан әрі арттырып отыр. Әскерилерге, мұғалімдерге арналған баспана бағдарламалары бар. Нег...
300 views Photo
-
📌24KZ ШТАТТАН ТЫС ТІЛШІЛЕР ІЗДЕЙДІ «Хабар» агенттігінің «24KZ» телеарнасы шетелде тұратын тәжірибелі журналистерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырады. 🌍 Елдер: Жапония, Малайзия, Өзбекстан, Ұлыбритания, Германия және Польша. Үміткерлерге қойылатын талаптар: ▪️Телевизия саласында жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті; ▪️Аталған елдердің бірінде тұрақты тұруы және журналистік аккредитациясының болуы; ▪️Тақырып таңдаудан бастап, дайын телесюжетті жолдауға дейінгі жұмысты өз бетінше атқара алуы; ▪️Өзі тұратын елдегі қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңалықтардан хабардар болуы; ▪️Қазақ немесе орыс тілін еркін меңгеруі. Екі тілді де білу артықшылық болып саналады. 📩 Өтінім беру...
-
❓Қыс мезгілінде қауіпсіздікті сақтау үшін нені ескеру керек? Қарлы боран, көктайғақ пен аяз кезінде қандай сақтық шараларын ұстанған жөн? Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Арман Ибрашов арнамызға берген сұхбатында айтты.
-
Жаңа әскери блок кіммен соғысады? Таяу Шығыста дәл қазір осы хуситтер маза бермей жатыр. Бұдан бөлек, Иран мен АҚШ және Израиль кез келген уақытта соғыс бастап кету қауіпі тағы бар. Осыдан сескенген біраз ел күш біріктіруге көшті.
-
🌍ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 🛢️Ормуз бұғазында мұнай танкері минаға соғылды Жарылыс акваторияның шығыс бөлігінде болған. Ислам төңкерісі сақшылары корпусының мәлімдеуінше, кеме навигация жүйесін өшіріп, тыйым салынған бағыт бойынша рұқсатсыз жүзіп бара жатқан. 🇹🇭Таиландтың Пхукет аралында болған өрттен 11 адам опат болды Тағы 16 адам жарақат алды. Өрт алты қабатты ғимараттан шыққан. Салдарынан 100-ден астам мотоцикл жанып кетті. 🏝️Канар аралдарына бір тәулікте 1500 мигрант жетті Бұған дейінгі көрсеткіш 2020 жылғы 7 қарашада тіркелген. Сол күні аралдарға 33 қайықпен 1 461 адам жеткен еді. 🇺🇸АҚШ соғыс кемесі Таяу Шығысқа келді Axios басылымының хабарлауынша, соққы беруші топ Иранның оңтүстік-шығ...
378 views Photo -
⚡️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босату жөнінде шешім қабылдады. Президент аталған арнайы қызметті реформалау міндетін табысты орындау мақсатында басшылық кадрлардың орнын ауыстыру қажеттігін ескере отырып, осындай шешімге келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты қызметтен босату туралы шешім қабылдағанда жемқорлық оқиғасына қатысы бар лауазымды тұлғаларды ұстау жағдайын да ескерді. Президенттің пікірінше, күштік құрылым қызметкерлері қателіктер жіберген. Осыған байланысты Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қызметтік ескерту жарияланды. Жалпы, «Самұрық-Қазы...
374 views -
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Болатұлы Шәлекенов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
373 views -
✍️ Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды
-
✍️ Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды
-
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Ренат Құрметжанұлы Айтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
-
Video message
View in Telegram
341 views 2 Reactions
Questions about 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
How many subscribers does 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР have?
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР (@tv24kz_kaz) has 27,875 subscribers as of November 16, 2026.
What is 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР about?
It is listed in News & Media, and posts mostly in Turkmen. The channel describes itself as: “📌Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/tv24kz_rus 📮24KZ арнасының телеграм ботына жаңалықтарыңызды жіберіңіздер: https://t.me/news24kz_bot”
Where does 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР rank?
By subscribers it is #2,055 in News & Media, #2,807 in 🇷🇺 Russia, #1 among Turkmen channels, #4,361 worldwide.
Does 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР post ads?
None of its 20 posts in the last 30 days carried an ad label such as #ad or Sponsored. Unlabelled promotions can’t be detected.
Statistics updated 3 hours ago.